Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 3 қазанға арналған ауа райы болжамы

3 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты батыста жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік сақталады.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде,  Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/3-azan-a-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/
03 қазан 2019 ж. 794 0