Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Әнші Димаш Құдайбергенге «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағына ие болды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын ұсыну облыстағы қоғамдық бірлекстіктер мен мәслихат депутаттарының талқысына түсті. Қарастырылған 10 адамның ішінде 4-уі атаққа лайық деп танылды. Олардың ішінде философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин болды. Сондай-ақ, құрметті азаматтардың қатарына Нью-Йорк қаласында концертін беріп жатқан танымал әнші Димаш Құдайберген де бар.
«Димаш Қанатұлы - әнші, сазгер. 2004 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдады. Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасында оқып жатыр. 2010-2013 жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды. Қазақстанда «Байқоңыр дауыстары», «Жас қанат», Украинадағы «Восточный базар», «Славянский базар» байқауының жеңімпазы. 2014 жылы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2015 жылы «Жыл әншісі» болып, 2016 жылы «Эстрада әртісі» сыйлығын иеленді. 2017 жылы Қытайда өткен байқауда жүлдегі орын алды», - деді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат жетекшісі Нұржауған Қалауов.
12 желтоқсан 2019 ж. 911 0