stan.kz Күні кеше өзінің 90 жас мерейтойын атап, елбасының қолынан бриллиант сағат таққан КСРО Халық әртісі, бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова Астана телеарнасындағы "Оңай емес" бағдарламасына сұхбат беріп, бұрын-соңды айтпаған сырларымен бөлісті. Әнші балалық шағы өте қиын болғанын, зұлмат соғысқа тап келгенін, әкесінен тым ерте айырылғанын айтып көзіне жас алды. "Кейде ойлаймын, Құдай-ау, қалай тірі қалғанбыз андай өмірден деп", - дейді әнші.11 жасында қара жұмыс істегенін айтқан әнші балалық шағы қиын болғанын жасырмады. Дарыны анасынан дарыған екен.