Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өзіне жазған аманат хатын көрсетіп елді жылатты

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өзіне жазған аманат хатын көрсетіп елді жылатты

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің аманат хатын көрсетті. Нұрқаділов 15 жыл бұрын өлең хат жазып қалдырған. Қазақтың біртуар азаматы жарына деген ыстық махаббаты мен аманатын өлеңмен жеткізген екен.

Байқамаппын салмағын,
Өмір зілін, жалғанын.
Махаббат бар деп өзіңмен,
От боп лаулап жанғанмын.
Жаным енді төзерсің
Тағдыр басқа салғанын.
Жақсы басар жаманды, 
Алла айтар талғамын.
Жаратқан ием қолдаса,
Күшейтер саған қорғанын.
Жау жеңіліп, сен жеңіп,
Үзерсің шынжыр торларын.
Әсем ән әлі құлпыртар
Жарық айдың толғанын.
Елің көрер ертең-ақ
Мерей сендей болғанын.
Сендерге қидым қайшымен
Ғұмырымның қалғанын.
Өнерді мәңгі алғасын,
Алла берсін жалғасын.
stan.kz
11 қараша 2020 ж. 579 0