Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Болгариядан жүлдемен оралды

Болгариядан жүлдемен оралды

Аласа бойлы, кіп-кішкене қағылездеу келген бала үлкен сахнаға еркін көтерілді.Микрафон алдына барды да «Мен Қызылорда облысы, Арал ауданынан келіп тұрмын.Өзімнің тұңғыш рет Алматыға келгендегі көңіл тебіренісінен шыққан Алматыға арналған өлеңімді оқимын»  деді де, бастап кетті. Зал тып-тыныш болып сілтідей  тына қалды. Бұл Бекбауыл елді мекенінде тұратын 9-сынып оқушысы Жалғау Ғалымбек болатын.Өлең керемет шыққан...Баланың Алматыға келгендегі жүрек-сезімі,толғанысы кім-кімді де тебірентпей қоймайды.
Алатауды сезініп салқын құштым,
Алматыға келдім деп шалқып ұштым.
Қуаныштан бұлттан әрі асып кеттім,
Күшін жеңіп әлемдік тартылыстың.
Қиындықтан сескенбей бәрін ұтқан,
Халқы бар мінездері толған құттан.
Алматыны алып шыңға балай берем,
Алып шыңның жанында тұрғандықтан.
         Қаламы төселген ақындай ой ұшқырлғы сөз саптауы, бәрі-бәрі бір-бірімен қиылысып тұр. Өлең оқылып болды. Ғалымбектің талантына тәнті болмаған адам жоқ шығар.Хабарлаушы жігіт сахнаға шығып: «Арал -өңірінен келген ініміздің ұпайларын берсеңіздер»,- дедіәділқазы алқасына. Қазылардың барлығы дерлік 10,10,10,10 сандарын қатарынан көтеріп, жас талант иесіне ең жоғары ұпайды берді.
Міне,Ғалымбек топтан озып,өзінің талантымен тамсандырып Павлодар республикалық «Ақберен» сайысында жүлделі I-орынды иеленді. Ғалымбектің ақындық өнерімен қатар әншілік өнері де мықты екенін көпшілік халық біле бермейді.
Аудандық облыстық байқауларда I-орын алып, Алматыдағы «Достар дауысы» республикалық байқауынан I-орын иеленіп,Болгарияға жолдама алды. «Шіркін,осы бір қуанышты сәтті атасы мен әкесі көргенде ғой» деп анасы көзіне жас алды.
Әрине, бұл қуаныштың жасы. Кішкентай жанұясының ендігі тірегі осы Ғалымбек болар деп,іштей баласына сенім білдіреді.
Ғалымбек Болгарияға баратын болыпты деген хабар лезде жан-жаққа тарап кетті.Әжесі Бибісұлу мен анасыПеризат баласының таудай талабына қолдау көрсетті. Сонымен, Болгарияға аттанатын уақыт та келіп жетті.Болгариядағы «Алтын арман» атты сайыста Ғалымбек өзінің күміс көмей әнші екенін тағы бір рет дәлелдеді. «Қазхақ елі»,«Ризамын» атты әндерді орындап,қазақ халқының,қазақ елінің ұлттық болмысын дүние жүзіне паш еттіп,жүлделі бірінші орынға ие болды.
        
Өркенің өссін,жарайсың Ғалымбек !
Әншілік өнерің шарықтап,жұлдыздай  жарқырай бер дейміз бізде.
 
Айгерім  Әбдіразақова.
13 тамыз 2018 ж. 1 092 0