Қызылордада Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аталып өтуде

«Сырда өнердің тойы басталды. Сырдан қанаттанып, өресі биік ән падишасына айналған ғазиз ғұмыр иесінің мерейтойлық шаралары қаламыздың орталық алаңында Роза Бағланова ескерткішінің ашылуымен бастау алады. Ескерткіштің авторлары мүсіншілер Мұрат Сыдықов пен Бауыржан Кененбай. Оның биіктігі 5,7 метр. Тұғыры граниттен, ескерткіштің негізі қоладан құйылған», – деді Жанат Ашанқызы.
Баспасөз конференциясына Роза Бағланованың продюсері болған Қуаныш Абдухалимов қатысты. Роза Тәжібайқызы – «Ғасыр адамы». «Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі». Сондықтан аңыз адамды ұлықтауды үзбеу қажеттігін айтты.
Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов анасы туралы жылы естеліктер айтып, оның атынан Алматы қаласында мұражай ашылатынын, туған жері Қазалы ауданындағы мұражайға да естелік заттар ұсынатынын жеткізді.
Мұнан соң сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлы 2 күнге созылатын «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер конкурсына тоқталды. Бүгін конкурстың ашылу рәсімі болады, ертең яғни 21 сәуір күні конкурстың ІІ кезеңі өткізіледі. Конкурсқа барлық өңірден 200 талапкердің ішінен 15-і іріктеліп алынды.
kyzylorda-news.kz