Қызылордада Т.Жүргеновтың 125 жылдығына орай республикалық жыр мүшәйрасы өтті

«Темірбек Қараұлы тек ҚазақССР-дың ғана емес күллі Орта Азияның өнер-мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан аса ірі қайраткер. Т.Жүргенов Қазақ елінде көптеген мектеп ашуға түрткі болған ұлтының адал перзенті. Биыл Т.Жүргеновтың 125 жылдығына қаламыздан қайраткердің зайыбы Дәмеш Ермекова-Жүргеноваға көше берілді. Кеше Н.Бекежанов театрында «Нарком Жүргенов» спектаклі қалың көрерменге жол тартты. Темірбек Қараұлының есімін ұрпағы ешқашан ұмытпайды»,-деді Нұрымбет Аманұлы.
Мүшәйра қорытыныдысы бойынша бас жүлдені қызылордалық ақын Мөлдір Айтбай, жүлделі І орынды Ғалымхан Марлен (Орал), ІІ орынды Динара Төлеутай (Абай облысы), ІІІ орынды Ақжол Түменбай, Айдар Сайлауов (Қызылорда), Тілеухан Дәурен (Ақтөбе) жеңіп алса, Т.Жүргенов атындағы арнайы жүлде Әлібек Азаматқа (Түркістан) бұйырды. Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы атынан Ахмет Байтұрсынұлының медалі Нұржан Байтусовқа (Абай облысы) табысталса, Бас жүлде иегері Мөлдір Айтбайға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы С. Раев алтын жалатылған домбыраны тарту етті.


kyzylorda-news.kz