Аралда белгілі әнші Бахтияр Тайлақбаевтың шығармашылық кеші өтті

Кешке Бақтияр Байқараұлымен қоса, елімізге белгілі Өктем Алтаев, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова сынды ән әлемінің серкелері Арал өңіріне табан тіреп, өнерімен өңір халқын тағы бір сусындатты.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, қалың бұқараның ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер иесінің айдынды өлкеге арнайы келгендеріне алғыс білдіріп, шығармашылықтарына сәттілік тіледі.
Концертте жиналған көрермен есті әндерді өнер иелерімен бірге шырқаса, эстрада жұлдыздары құрмет-қошеметке ие болды.



"Толқын" ақпарат