Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жастар күніне арналған мерекелік концерт өтті

12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесіне орай орталық алаңда мерекелік концерт өткізілді.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов қатысып,  жастарды мерекемен құттықтады.
– Бүгінгі таңда ауданымызда 25 мыңнан астам жас бар. Оларды тәрбиелеу, бойларына патриоттық рухты сіңіру жолындағы маңызы зор шаралар, спорт және өнер үйірмелері тұрақты жұмыс жасауда. Осы ретте, аудандық «Ailaq» жастар ресурстық орталығы тарапынан жасалып жатқан нәтижелі жұмыстар да жетерлік. Бұдан бөлек, «Арал-АС» шығармашылық тобы, «Жас Арал Өрендері» сынды қоғамдық бірлестіктер мен «Жас Толқын» еріктілер тобының да үлесі ерекше. Туған жеріміз айдынды Арал өңірінің айбынын асқақтатар, жалынды жастарымыз көп болсын. Өресі биік, рухы мықты өңір жастарын мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деп Б. Жұмағұлов ізгі лебізін білдірді. Сонымен бірге белсенділігімен дараланып жүрген бірқатар жас буын өкілдеріне аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Мерекелік кеште белгілі жас әншілер Тағаев Нұрбек, Айдын Сәндібай, ақын-композитор Досбол Нұрылла мен аудан өнерпаздары ән салып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұдан бөлек белгілі жайдарманшы Ғалым Махамбетовтің жүргізуімен көрермендер арасынан жас жұлдыздарды таныту мақсатында ойын ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
"Толқын" ақпарат
13 тамыз 2023 ж. 363 0