«Дарабозда» дара шыққан «Ақтолқын»

Иә, әріптестің жетістігіне, балалардың жеңісіне бірге қуанып, оларды қолдаудың өзі қаншалықты маңызды десеңші. Бұл болашақ өнер жұлдыздарының жігерін жонып, тіпті қанаттандыра түсетіні сөзсіз. Жақында осындай бір топ балғын бишілерді қарсы алып, жеңісімен құттықтап, алдағы қадамдарына сәттілік тіледік.
Енді жеңімпаздар жайлы айта кетейік. Аудандық Оқушылар үйінің «Ақтолқын» ансамблі киелі Түркістан қаласында өткен республикалық «Дарабоз» өнер байқауына қатысып, байқаудан бас жүлде еншілеп қайтты. Бір емес, екі бірдей жеңісті еншілеп, ауданның абыройын асырды.
Тек жеңіс емес, Мәншүк Шатуованың жетекшілігімен «Ақтолқын» ансамблі Астана қаласында өтетін суперфинал мен Түркияда өтетін Халықаралық байқауға жолдама ұтып алды.
Жеңіске жетудің жолын білетін өнерлі шәкірттерімізге бұл байқауларда да топ жарады деп сенеміз.
Жансая Бөлекеева,
Аудандық оқушылар үйінің мұғалімі