Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кездесу кеші өткізілді

Кездесу кеші өткізілді

2024 жылдың 1 ақпан күні мәдениет орталығының ұйымдасытруымен «Діни экстремизмге, жол бермеу басты міндет» атты аудандық орталық мешітінің бас имамы Нұржан Кеңесханұлымен кездесу кеші өткізілді. Әрбір дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Адамның ет пен сүйектен жаратылғаны айдан-анық болса, тән мен жан да сол адамдық ұғымның қос қанатын құрайды. Тән азығы ішіп-жеу мен басқа да нәпсілік жағдаяттармен байланысты болса, жан азығы – ең алдымен, Ұлы Жаратушыға құлшылық ету.
Тарихи деректерден қорытынды шығарсақ, дінсіз (яки, имансыз) адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі адам баласы сенімге мұқтаж. Ал сол мұқтаждық сезім, әу баста Алланы тану үшін берілген бір хикмет екенін ескере бермейміз. Атам қазақтың «әлмисақтан мұсылманбыз» деуінің төркіні де осында жатыр.
Кездесу кешіне келген қонақтар Нұржан Кеңесханұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып, ислам дінінің тереңіне үңіліп, қажетті кеңестер алды.
Арал аудандық мәдениет үйі 
02 ақпан 2024 ж. 3 698 0