"Әр өлеңі – бір әлем" атты әдеби кеш өтті

Атаулы күнде аудан ұстаздары мен оқушылары да құр қалмады. Ұзақбай Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясында «Әр өлеңі - бір әлем» тақырыбында ұйымдастырылған әдеби кешке қала мектептері мен қалаға жақын орналасқан ауылдардағы білім ұялары қамтылып концерттік бағдарлама қойылды. Онда оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өмірінен сахналық қойылымдар қойды. Ән айтылып, ерекше естеліктер баяндалды.
Кеш соңында шараға белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.
