Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ауданда «Дәстүрлі ән» үйірмесі ашылды

Ауданда «Дәстүрлі ән» үйірмесі ашылды

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «APT уақыт» жобасы аясында мәдениет орталығынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші, сазгер Ғанипа Садықова атындағы «Дәстүрлі ән» үйірмесі ашылды. Үйірменің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов қатысып, бастау алған игі шараның мән-маңызына тоқталып, сазгер Ғанипа Садықоваға ізгі лебізін арнап, шығармашылығына шабыт тілеп, ұлттық өнеріміздің асқақтай беруіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ салтанатты басқосуда Кете-Төлеби Досымжанұлы арнайы құттықтау хаты мен сый-сияпат табыс етті.
Шара барысында әнші, сазгер Ғанипа Садықова туған жерінің өнердегі елеулі еңбегін елеп, құрмет көрсетіп, үйірме ашып жатқан ардақты ағайынға және мәдениет орталығының директоры Айна Қонысбайқызы мен ұжым қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ән мен жырын арнады. Осылайша жаңа үйірменің лентасы қиылып, үйірмеге қабылданған жастарға қос ішекті домбыра аспабын шертіп, киелі өнердің қыр-сырын үйрету жұмыстары басталды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
27 ақпан 2024 ж. 3 152 0