Аралдық ақын «Тұран» сыйлығын алды

Шара барысында сала ардагерлері мен үздіктеріне түрлі марапаттар табысталды. Олардың қатарында жерлесіміз, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Арал ауданының Құрметті азаматы, Жарасқан Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтық иегері Толыбай Абылаев та болды. «Тұран» сыйлығын алған жерлес ақынымызды мерейлі сәтімен шын жүректен құттықтаймыз.
Айта кетейік, Толыбай Абылаев та жұма бұрын жағымды жаңалығымен жерлестерін қуантқан болатын. Атап айтар болсақ тарихи тұлға Әлмерек абыз Жаншықұлының өмірі мен өнегесін ұлықтауға арналған "Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі" атты республикалық жыр мүшәйрасында поэтикалық кестесі көркем жыры үшін жүлделі ІІ орынды иеленіп, қаржылай сыйлыққа қолжеткізген болатын.
Оңталап ЖОЛДАСОВ