Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ералиеваның ел білмейтін құпиясын айтты

Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ералиеваның ел білмейтін құпиясын айтты

Марқұм әнші Мәдина Ералиева туралы естеліктерді Қалдыбек Құрманәлі "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, Арсенді таныстырғанда "Мәдина Ералиева мен Болат Атабаевтың баласы" деп таныстыру керек.

"Арсенді бәрі Мәдинаның баласы дейді, олай емес. Ол - Болат Атабаевтың баласы. Екеуі ғашық болды. Болат менің жездем болды. Мәдинаны әпке дейтінмін. Болат - үлкен аңызға айналған тұлға, қайраткер, ондай режиссер кемде-кем. Бірде Мәдина Ералиеваны еске алу кешін Астанада өткізетін болдық. Арсеннің үйіне барып, шаршап, ұйықтап қалдым. Кештің режиссері Болат Атабаев болды. Басында көнгісі келмеді. Сосын "өткен шақпен сөйлеудің қажеті жоқ, балаңыз бар" деп айттым. Арсеннің үлкен ұлы Әлішер кішкентай еді. Қайта-қайта маған келіп, "ата" деп құшақтай береді. Бір күні Болат Атабаевты алып барып, "Әлішер, міне, атаң" деп көрсеттім. Жұрттың бәрі Мәдина Ералиеваның күйеуін көргісі келеді. Сахнаға шығып сөйлеп, режиссері ретінде Болат Атабаевты ортаға шығардым, көрсеттім. Сондықтан Арсенді айтқанда тек анасы мен әкесін де бірге айту керек. Бұл - тектінің ұрпағы", - деді ол.


Ал құрбысы Ұлболсын Ахметова Мәдина Ералиеваның өкініші туралы айтты.

"Жалпы оған Қазақ ССР-нің халық әртісі берілген жоқ. Концерттен кейін берілу керек еді. Одан кейін Мәскеуге кететін болды. Бірақ оны Мәдина көрмеді. Соны күтті, өкініші ме, реніші ме, білмеймін. Дегенмен ол сол атақты алмай кетті. Сондықтан ол бәріміздің де жанымызға батты. Адамның жасаған жақсылығы өзінің көзі тірісінде бағасын алып кеткені жақсы ғой. Оның орындалмаған арманы - Арсенді үйлендіру еді", - деді ол.

Фото: ​smi24.kz​​​
05 қыркүйек 2024 ж. 150 0