Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Төрт тоқсан – төрт өнер»: «Ақындар айтысы» сайысы өтті

«Төрт тоқсан – төрт өнер»: «Ақындар айтысы» сайысы өтті

«Республика күні басты ұлттық мереке ретінде шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналуы тиіс»Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлттық құндылықтар – еліміздің орасан зор интеллектуалдық байлығы және жалпы адамзаттық құндылықтардың, халықтардың мәдени-адамгершілік дәстүрлерінің, ұлттық жасампаздық процесінің сарқылмас қоры. Сонымен қатар ол патриоттық сезімдерден, өз халқына, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген мақтаныш сезімінен, өз ұлтының өкілдеріне жанашырлық сезімдерінен көрінеді және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ең маңызды қозғаушы күш болып табылады.

Құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру саясатын іске асыру мақсатында 2024-2025 оқу жылынан бастап біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны мен құндылықтар жүйесі жаңартылып, оқу-тәрбие процесіне енгізілуде. Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Оқу-тәрбие процесіндегі құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелері бір-бірін толықтырып, әлеуметтенген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Осы бағыттағы ұтымды тәсілдемелердің бірі – әлеуметтік жобалар. Жобалар – бұл оқу-тәрбие жүйесі мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бастамалар болып табылады. Осы орайда «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясындағы «Ақындар айтысы» сайысының орны ерекше. Ұлттық құндылықтар – бұл халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдениеті мен өнері, олардың тарихи ерекшелігін көрсететін рухани мұраттардың жиынтығы дейтін болсақ, аталмыш жобаның маңыздылығы осы тұжырымның мәнін айшықтай түседі.

«Төрт тоқсан – төрт өнер»: «Ақындар айтысы» сайысы өтті
Қызылорда облыстық білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени – ағартушылық жобасы аясында Республика күнін мерекелеу қарсаңында «Тәуелсіздігім – тұғырым» тақырыбында 2024 жылдың 24 қазан күні ақындар айтысы сайысының қорытынды облыстық кезеңін өткізді.

«Ақындар айтысы» – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, ақындардың дәстүрлерін лайықты жалғастыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды республикалық акция.

Ақындар айтысын ұйымдастыру мақсаты-ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау. Ақындар айтысы сайысына жалпы орта білім беру ұйымдарынан 1158 оқушы қамтылды.

«Ақындар айтысы» республикалық акциясы аясындағы облыстық кезең жоспарға сай 2024 жылдың 9 қыркүйегі мен 24 қазаны аралығында өткізілді.
Республика күнін мерекелеуге арналған «Ақындар айтысы» республикалық сайысының облыстық кезеңін өткізу жоспарына сай аталған мерзім аралығында облыс көлемінде «Айтыс – бабалар мұрасы» тақырыбында танымдық сабақтар, «Айтыс – қазақ халқының ұлттық мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел, бейнетаныстырылым, пікірталастар, жергілікті жердің айтыскер ақындарымен кездесулер ұйымдастырылып, Республика күнін мерекелеу қарсаңында «Тәуелсіздігім – тұғырым» тақырыбындағы ақындар айтысының қалалық, аудандық кезеңінің сегіз жеңімпазы облыстық кезеңде бақ сынасты.

Ақындар айтысын алғысөзін облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі. Іс-шараның құрметті қонақтары: үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын – Ниязов Мұхтар Мәуленұлы, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы – Нұрмат Мансұр Абдуллаұлы. Әділқазылар алқасы құрамында: мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, жырау Рахметов Айдос Сәндібекұлы, ақын, ұстаз Әбді Ержеңіс Тастыбайұлы, Облыстық білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының Қазылар алқасы сайыскерлердің тақырып мазмұнын ашу шеберлігіне, сөз байлығына, қарсыласына жауап қайтарудағы тәсілдемелері, актерлық қабілетіне, домбыраны қалай меңгергеніне қарап өз бағамдады. Сөз саптау шеберлігі мен шешендік өнері бір-бірінен өтетін жұптардың тартысы көпшілік жас буынға естен кетпес көңіл-күй сыйлады.

Ұлттық құндылықтардың негізі болатын тәрбиелік мәні зор әрі тартысты сайыстың нәтижесі төмендегідей болды:

1. Еркебұлан Жалғасбаев Нұрланұлы – Қармақшы ауданы, №85 мектептің 11 сынып оқушысы – Бас жүлде

2. Абдуллаев Мұхамедәлі -Жаңақорған ауданы, №195 мектеп-гимназия 10 сынып оқушысы – 1-орын

3. Мансуров Нұрахмет Бағдатұлы – Сырдария ауданы, №137 орта мектеп 11 сынып оқушысы – 2-орын

4. Кенжеш Еламан- Шиелі ауданы, № 157 орта мектеп оқушысы 10 сынып – 3-орын

5. Жаппасбай Салтанат Асылбекқызы – Қызылорда қаласы, №261 орта мектеп 9 сынып оқушысы – 3-орын

6. Тұрабай Тұрар – Қазалы ауданы, №226 мектеп-гимназия 9 сынып оқушысы – «Ұшқыр ойдың ұланы» номинациясымен

7. Қанатбек Әзімхан – Жалағаш ауданы , №118 орта мектеп 8 сынып оқушысы – «Ұлылардың ұрпағы» номинациясымен

8. Құндақбаев Арман – Арал ауданы, №220 орта мектеп 10 сынып оқушысы – «Көрермен көзайымы» номинациясымен және қаржылай сыймен марапатталды.

Бүгінгі күннің басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын білімді ұрпақты тәрбиелеу. Ал, оның алғы шарттарының бірі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Сондықтан тарихымызды, тілімізді, салт-дәстүрімізді жоймай, ата-бабамыздың ұлттық құндылықтардан тұратын мұрасы – ұлттың қазынасын ұрпаққа үйретіп, бабалар ізін, аманатын жалғастыруға үлес қосу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Жұлдыз Асқарова,

Облыстық білім басқармасының

қосымша білім беру бөлімінің басшысы,

Педагогика ғылымының магистрі.
30 қазан 2024 ж. 179 0