"Тілім менің – ғасырлардан аманат" тақырыбында дебат өткізілді

Шараның мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
-Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
-Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
-Оқушының тілге деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-«Тіл мәртебесі» тақырыбында ой қозғату;
Дебат пікірсайысына кентіміздегі 3 мектептің (177, 87, 231, 283) 8, 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Дебатқа – жеңіске жетсем екен деген оймен емес, мол ақпарат пен тәжірибе жинақтаймын деп келген адам ғана, нағыз жан-жақты тұлға болып қалыптасады...
Дебат АПФ форматында өткізіледі. Әр раундқа жаңа Қарар таңдап алынды.
Қарар тақырыбы:
1. Бұл палата БАҚ-та тек мемлекеттік тілде ақпарат тарату керек д.е.
2. Тіл мәртебесін арттыру үшін, тиімді ұсыныс.
3. Мемлекеттік тілді білмеу – азаматтық жауапкершіліктің жоқтығы
4. Тілдік дискриминация – қоғамдағы негізгі мәселелердің бірі
Білім мен тіл мәртебесін көтеруге құштар ұл-қыздың басын қосқан дебатта мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында түрлі тақырып аясында тапсырмалар берілді. 2 сағатқа созылған дебатқа қатысушылар APF форматында, Америка парламенті үлгісінде пікір сайыстырып, ақтық кезең үшін жарысты. Нәтижесінде 4 команданың ішінен суырылып шыққан үздік топтар көпшілік алдында толғамды тұжырымдарын дәлелдеп, ерекше көзге түсті.
Қызықты өткен «Тілім менің – ғасырлардан аманат» дебатының І орын № 87 орта мектеп КММ омандасына бұйырса, екінші орын № 283 орта мектеп КММ берілді. Ал мұнан кейінгі жүлделі №177 орта мектеп КММ лайықты болды. Жүлдегерлердің барлығына картиналар мен диплом, Алғыс хаттар табысталды.
- Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзі білімнің баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін көрсетеді. Ал, қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. Бүгінгі күннің дебат сайысы – кешегі өткен халық даналығының, асыл қасиеттерінің қазіргі заманға сай жаңаланған бейнесі, - деді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ж. Алишева.
Шарада Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Толқын Қапақова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Құндызай Шалбаева қазылық жасап балаларға әділ бағасын беріп, Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен арнайы бөлінген сый сияпатымен, «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ диекторы» Алишеваның диплом, алғыс хатымен марапаттады.
Арал аудандық мәдениет орталығы