Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, атқарылған жұмыс аз емес. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.
Сыбайластық белең алған қоғамда елдің әрбір азаматы мен өскелең ұрпақты парасаттылық пен әділдікке, турашылдық пен адалдыққа үндеу мақсатында аудандық кітапханаларда көркем әдебиетті оқи отыра, мәдениеттілікті қалыптастыру, білім көкжиегін кеңейте отырып, оқырмандарды адалдыққа, ар мен ұятты тең ұстап, кесапаты көп жемқорлықты жоюға жұмыла атсалысуға шақырады.
Жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қалалық №3 кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дебат өткізілді. Шараның мақсаты – қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мағлұмат беру. Шараға кітапхана оқырмандары, зейнеткер Ж.Дәрімбетов, Б.Әлмамбетова, Б.Сермаханов, №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат лицейінің кітапханашысы Б.Әбілдаева, Арал индустриялық- техникалық колледжінің мұғалімі Ж.Қанатбаева, «Байтұрсынов» емханасының аяжандары Ж.Ниязбаева, Г.Омарова, А.Төлегенова және№ 260 орта мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы Б.Әбілдаева шараның мақсатына тоқтала келе,сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырғанын, жемқорлықтың зияны жөнінде толық мәлімет беріп өтті.
Кітапхана меңгерушісі А.Нағашыбаева оқырмандарды «Ақиқат» және «Парасат» топтарына бөліп, Қазақстан Республикасының заңдар тақырыбында, сонымен қатар адамгершілік, әділеттілік жайында ойларын біліп, пікір алмасты. Оқырмандар назарына жемқорлықтың қоғам дерті жөнінде бейнероликті ұсынып, парақорлық адам өліміне әкелетінін, адамгершіліктің жоғалып, қоғам құлдырауына әкелетінін ұғындырды. Арал қаласында орналасқан «Байтұрсынов» емханасының аяжаны Жансая Ниязбаева "қоғам дамуына кедергі келтірер кеселдің алдын алу үшін еліміздің әр азаматы атсалысып, адалдық пен туралықты өзінен бастау керек" деп өз ойын ортаға салды.Шара соңында оқырмандарға «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуды мақсат еткен шара кемел келешегімізге кедергі келтіретін кеселдерден, сыбайлас жемқорлық кесапаттарынан батыл арылу үшін күш-жігерімізді біріктіру маңызды, жемқорлықсыз қоғам құру сіз бен бізден, өскелең ұрпақтан бастау алатынын ескерсек, адалдықтың туын жоғары ұстап, парасатты, пайымды Жаңа Қазақстанды құруға бірге атсалысайық деген ниетпен қорытындыланды.
Дина Серекеқызы,
қалалық №3 кітапхананың кітапханашысы
14 сәуір 2023 ж. 385 0