Астанадағы Джей Ло концерті: қазақстандықтар билеттерді қайта сатып жатыр

Джей Ло концертіне билет алу оңай болған жоқ – сатылым басталмай жатып-ақ Ticketon сайты жүктемеге шыдамады. Концертке барғысы келгендер сағаттап кезекте тұрып, билет алу үшін интернетпен "күресуге" тура келді. Алайда кейін, барлығы бірдей билетті өздері үшін сатып алмағаны белгілі болды. Кейбіреулер дүрбелеңді пайдаланып, табыс тапқысы келген.
Ғаламтордағы хабарландыруларға қарағанда, көптеген адам концертке билеттерді белгіленген бағадан әлдеқайда қымбатқа сатқысы келеді.
Ұсыныстар ресми сатылым басталған күні пайда болды. Кейбіреулер бағаға келісуге болатынын жазған.
Айта кетейік, ұйымдастырушылар бірнеше рет концертке тек ваучерлер ғана сатылатынын ескерткен болатын. Ал нақты билеттер шара басталардан бірнеше күн бұрын, яғни 1 тамызда ғана қолжетімді болады. Бұл шара алыпсатудың алдын алу мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, бір адамға төрт билеттен артық сатылмайды.
Сондықтан, бейтаныс адамдардан билет алу — концертке мүлде кіре алмай қалу қаупін тудырады.
Айта кетейік, Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанадағы "Астана Арена" стадионында әлемдік турнесі – Up All Night аясында концерт береді. Қазақстандағы концертіне дейін ол Абу-Дабиде өнер көрсетіп, сол жақтан елордаға ұшып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, билеттер концертке бірнеше күн қалғанда ғана таратылатын болады және бір адамға төрт билеттен артық сатылмайды.
Фото: massaget.kz