Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жалағаш өнерпаздары Қызылорда аспанын әнге бөледі

Жалағаш өнерпаздары Қызылорда аспанын әнге бөледі

Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай өткен «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнерпаздар байқауы аясында ауданның мәдениет майталмандары Қызылорда қаласының орталық алаңында мерекелік өнер кешін өткізді.
Кеш шымылдығы қолөнершілер көрмесімен ашылып, қала тұрғындары мен қонақтары қызығушылықпен тамашалады. Ал өнер сахнасында ауданның талантты өнерпаздары, халықтық вокалды-аспапты ансамблі мен «Әжелер» ансамблі сахна төрінде өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Осылайша, алты Алашқа ана болған Сыр елінің бас қаласы – Қызылорданың аспанын Жалағаштың әні мен күйі тербеп, мерекелік думанға бөледі.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
25 маусым 2025 ж. 43 0