Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, Димаш Құдайберген Қырғызстанда "Мейкин Азия" фестивалінде өнер көрсеткен.
"Фестиваль қорытындысында Мемлекеттік хатшы Марат Иманқұлов Құдайберген Дінмұхаммедке (Димаш Құдайбергенге) – Қазақстан әншісі, композиторына – Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағын табыс етті", – делінген хабарламада.
Димаш Құдайберген – жеті октавалық бірегей дауыс диапазоны бар қазақстандық әнші. Ол 2015 жылы "Славян базары" байқауындағы жеңісінен кейін және 2017 жылы Қытайдағы "Singer" шоуына қатысқаннан кейін танымал болды.
Фото: massaget.kz