Аламанда топ жарған аралдық ардагер

Ақшатта дөңгелене тігілген 60 ақшаңқан киіз үй 20 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтарды қабылдады. Этноауылдағы шаралар Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы Мөңке бидің «Қиқу дәурен» күйімен басталып, дәстүрлі әншілер мен жыраулар орындауындағы жыр, терме, халық әндерімен жалғасты. Мерейтой аясында республикалық мүшәйраның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
Міне, осы республикалық мүшәйрада жерлесіміз, ақын, Арал ауданының құрметті азаматы Толыбай Абылаев жүлделі ІІІ орынды еншілеп, Сыр жұртшылығының, соның ішінде Арал ақындарының абыройын асқақ етті. Поэзия өкілдері арасындағы қаламы жүйрік ардагерді жеңісімен құттықтаймыз.
Оңталап ЖОЛДАСОВ