Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «ТҰМАРХАНЫМ» – супер гран-при жүлдегері

«ТҰМАРХАНЫМ» – супер гран-при жүлдегері

Бүгіндері Алматыда тұратын өнерлі жерлесіміз, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, атақты күйші-сазгер Мұрат Сыдықовтың қызы Сәнира Мұратқызы Қайранова өзі жетекшілік ететін «Тұмарханым» ансамблімен өнер жолында үлкен жетістіктерге жетіп, жерлестерін қуантып жүргені белгілі.
Жуырда Алматы қаласында Түрік халықтары мәдениеті қорының ұйымдастыруымен жастарды қолдауға бағытталған бағдар­ама аясында Халықаралық деңгейде «Асыл арман – 2026» көпжанрлы хореография байқауы өтті.
Байқауға 30-дан астам би ұжымы қатысып, 103 би сахна төрінде биленді. Әртүрлі жанрда өнер көрсеткен жасөспірімдер мен жеткіншектер көрермендерді тәнті етті.
Супер Гран-при жүлдесінің басты сыйы – Түркия еліне тегін жолдама. Бұл – ансамбль тарихындағы аса маңызды әрі жарқын жеңістердің бірі. Бұл жетістік – балалардың тынымсыз еңбегінің, төзімділігі мен сахнадағы шынайы өнерге деген махаббатының жемісі. Әрбір би, әрбір қимыл – ұзақ дайындық пен үлкен жауапкершіліктің нәтижесі.
«Тұмарханым» би ансамблінің бұл жеңісі тек бір ұжымның емес, ұстаздардың, ата-аналардың және өнерге жанашыр жандардың ортақ қуанышы. Сондай-ақ өнердегі өрен жерлесіміз Сәнира Мұратқызының алда бұдан да биік белестер мен жаңа халықаралық жетістіктер күтеміз деген тілек білдіреміз.
Ж.Жақсылықұлы
02 ақпан 2026 ж. 137 0