"АСЫЛЫМ" балалар хоры жеңімпаздары Стамбулда бақ сынайды

Нәтижесінде Алматы қаласында киелі сахна төрінде өнер көрсеткен «Асылым» балалар хоры Бас жүлдеге иегері атанып, «ҚАЗАҚСТАН ҮЗДІГІ» арнайы жүлдесімен марапатталып, Стамбул қаласына жолдама алды.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге жуық бақ сынаушылар қатысты.
Балалардың өнерге қанатын қатайтып, баулып жүрген жетекші-ұстазы Гүлнұр Жұмағалиева да марапаттан тыс қалған жоқ. Өнерлі балалармен етене жұмыс жасап, олардың өнер әлемінде бақтарын сынауға күш-жігерін аямаған ұстазы да өлшеусіз еңбегі үшін "Үздік ұстаз" атанып, алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
Арал аудандық білім бөлімі