Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі халықаралық фестивальде жүлделі орын алды

«Салтанат» мемлекеттік би ансамблі халықаралық фестивальде жүлделі орын алды

ҚР еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 26–29 сәуір күндері Өзбекстан Республикасы Хива қаласында өткен III Халықаралық «Лазги» би фестиваліне Қазақстан елінің атынан қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Фестиваль аясында ансамбль «Қыз қуу» және «Домбыра дастан» қазақ билерін, сондай-ақ «Хорезм термәлері» өзбек биін жоғары деңгейде орындап, жүлделі 2 - орынға ие болды. 
Ауқымды мәдени шара әлемнің 15 мемлекетінен келген өнер ұжымдарын бір сахнада тоғыстырды. Қатысушылар қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Өзбекстан, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдері бар.

Айта кетейік, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі халықаралық фестивальге тұңғыш рет қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды.

Фото: turkystan.kz
30 сәуір 2026 ж. 48 0