Ол өмірінің 35 жылын зергерлік бұйымдар жасауға арнаған. Бастапқыда қазақтың зергерлік бұйымдарының көшірмесін жасаумен айналысқан ол кейін этноавангард бағытында жұмыс істей бастаған. Бұрын оның қолөнер туындыларын шетелдіктер алса, қазіргі уақытта отандастарымыз да қызығушылық танытады. Назарларыңызға Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылының тумасы, қолөнер шебері Сержан Бәшіровтың сұқбатын ұсынамыз.- Сержан аға, зергерлік бұйым жасауға деген қызуғышылығыңыз қашан, не себепті оянды?