ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аудан басшысының жұмыс сапары одан әрі ауданға қарасты Аманөткел ауылдық округінде жалғасты. Бұл арада аудан әкімі М.Оразбаев облыстық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 2,1 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Аманөткел елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарымен танысып, тиісті бөлім қызметкерлеріне аталған жұмыстың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын тапсырды.
Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған «ЖОЛ КАРТАСЫ» бойынша жүзеге асырылып жатқан жол жөндеу жұмыстары «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-гі арқылы ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Қазіргі таңда елді мекенде қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
aral.gov.kz
Пікір 23 335