
Биг-бэг қапшықтар мен құм секілді сусымалы жүкті тасымалдауға арналған вагон қаптарын шығаратын цех жұмысын бастады.
«FIBС Kazakstan» компаниясы жоба құны 1 миллиард теңге болатын цехты іске қосты. Алғашқы кезеңде 200 миллион теңге қаржы жұмсалды. «Ақтөбе» ӘКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір рет пайдаланылатын қап 500 – 2000 келіге дейінгі салмақтағы жүкті көтере алады. Биг-бэгтер цемент, құм, түрлі қоспалар,...