"Ұлы даланың ұлы түркілері" атты кітап жарық көрді
baq.kz Aлматыдағы Ұлттық кітапханада техника ғылымдарының докторы, академик Серғазы Жиенқұловтың "Великие тюрки Великая степь" атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.
Автор соңғы он жылдан бері қазақтың көне тарихы, түркілер жайлы өлең жаза бастағанын айтады.
Алғашқы өлеңім Аттила туралы болды. Өйткені Қайнар академиясының ректоры Е. Омаров осы тақырыпта үлкен монография жазған. Онда шетелдік материалдар көп қамтылған, соны оқи отырып, ата-бабамыздың мықтылығынан рух алғанда туған еді, - дейді С. Жиенқұлов.Академик тарихтағы Ғұн, Сақ кезеңі, Шыңғыс хан түсындағы қазақ рулары жайлы жазылған ғылыми материалдарды өлең етіп беруге тырысқанын айтты.
Шыңғыс хан, Едіге батыр, Ермак болсын танымал тұлғалардың түбіне үңілсең қазақ руларынан тарайтынын біле түсесің. Бұл кітапты түркі елдеріне апарып таныстыру керек, бұған дейін Түркияға апарып таныстырдым, - дейді ол.