Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ЕСКІРМЕГЕН МАХАББАТ

ЕСКІРМЕГЕН МАХАББАТ

 Автобуста осындай емен-жарқын әңгімені көп ести бермейтін жолаушылармен бірге әже де езу тартты. Сол кезде келесі аялдамадан мінген баласын жетелей ұстаған келіншек атаның жанына барып тұрғаны сол еді, қария балақайды көтеріп алып, алдына отырғызып қойды.
 –Қазақ мектебінде оқи ма, әлде орыс мектебінде ме?
Келіншек:
–Орыс мектебінде.
–М-м-м, дұрыс. Бірақ, бала әуелі өз тілін жетік меңгеруі керек. Солай ма? Келіншек үнсіз бас изеді.
Менімен бірге түсуге ыңғайланған әжені жанындағы қария қолынан демеп ұстап, көмектесіп жатыр. Жүрегім елжіреп кетті. Жандарына жақындадым.
 –Кешіріңіздер, мен сіздерді суретке түсіріп алайыншы. Кейін «ескірмеген махаббат» деп сіздер жайлы пост жазамын. Өзімнің ата-әжем өмірден өтіп кеткен соң, қарияларды көрсем, жаныма жақын тартып тұрамын,–дедім. Қариялар: «Жарайды, айналайын»,–деп бірге суретке түскен соң, есімдерін сұрадым.
 –Лиза, Құрман. Отасқанымызға 50 жыл болды. Өзіміз 75-тен асып барамыз,– деп жауап берді. «Бақытты бол, балам» деп жылы қоштасты. Мен кері бұрылып, жатақханаға қарай жол тарттым.
P.S. Қазіргі қоғамдағы құлақ тұнатын «ажырасу» деген сүйкімсіз сөзден кейін қол ұстасқан жастардан гөрі, тағдыр жүгін бірге арқалап, жұбы жазылмай ғұмыр кешкен қарияларға тамсана қарайтын болыппын. Ұрпаққа өнегесімен үлгі болатын осындай ата-әжелеріміз аман болса екен. Әйтпесе, қазір жұрт кімге еліктеу керек екенін де ұмытып барады ғой...
Әсем ҚҰЛМАНОВА.
13 сәуір 2018 ж. 2 021 0