Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіршілікке нәр берген, Қымбат жан жоқ сендерден!

Тіршілікке нәр берген, Қымбат жан жоқ сендерден!

Мынау әлем, мына жарқын тіршілік,
Мына адамдар өмір сүрген құлшынып.
Жаралады құрсағынан ананың,
Нәр алады жүрегінен бұл шындық.

Ақын отыр, жанарына жыр тұнып,
Жазушы тұр, қаламына сыр бүгіп.
Ақтарылса бәрі қағаз бетіне,
Ана, ана дейді-ау күллі әлем құлпырып.

Ана дейді дүрсіл қаққан сан жүрек,
Анам аман болсын дейді сан тілек.
Аналарға шырқалады сан әуен,
Ана деген, міне, осындай құдірет!

Ана әнімен басталады гүл көктем,
Аналарға арнап мен де жыр төккем.
Құдіретіңнен айналайын, Ұлы Ана,
Тіршілікке сөнбейтұғын нұр сепкен.

Ажыратпа сәбиінен ананы,
Ажыратпа әлдиінен ананы.
Жұмақ кілтін іздемегін алыстан,
Жасырып тұр аналардың табаны.

Аттай қалсам бұл тірлікте бір адым,
Ана тілек тілемесе, құладым.
Ана деген, міне, осындай құдірет,
Анаменен өмір сәнді, ұғамын!

Нұржамал ҚҰРМАНАЛИЕВА,
Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны
06 наурыз 2021 ж. 625 0