Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дарабоз күйшіге құрмет көрсетілді

Дарабоз күйшіге құрмет көрсетілді

Төкпе күйлердің топ жарған шеберлерінің ішінен Жұмабай Жақып ағамыз оқшау озық көрінеді. Жұмабай ағаның күйшілік қорында біз естімеген күйлер әлі де бар екендігі кәміл. Ал оның орындаушылық шеберлігі еліміздегі әйгілі домбырашылардың ешқайсысынан кем емес. Орындауындағы күйлер ерекше бөлек көрінеді. Осы бір ерекше таланты ескеріліп, жақында Домбырашылар күніне орай Арал ауданы әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов белгілі күйші-сазгер, дарабоз домбырашы Жұмабай Жақыптың шаңырағына әдейі келіп, атаулы мерекемен құттықтап, аудан әкімі С. Сермағамбетовтің Алғыс хатын, сондай-ақ Сыр өңірі өнер саңлақтарының "Қайталанбас дауыстар" антологиясын табыстап, өнер майталманының мерейін тасытты. 
Иә, күйші-домбырашының сомдаған ұмы­тыл­мас бей­не­лер тізбегі жас өнерпаз­да­ры­мыз үшін тәлім-тәрбие мек­тебіне ай­налуы да бұл­жы­мас­тай заңдылық деп білеміз. Орындаушылық шеберлігімен дараланған ағамызды марапатымен "Толқындықтар" атынан құттықтай отырып, әлі де талай жас өнерпаздарға үлгі болып, қолдау көрсете береді деген сенімдеміз. 
.
К. ӨТЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ 

07 шілде 2021 ж. 470 0