Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұлы ақын жайында...

Ұлы ақын жайында...

Биыл ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толады. Абай Құнанбайұлы –біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған, әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан жан.
Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден 20 баласы болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін.
Көптеген шығарма жазғанына қарамастан, көзі тірісінде, газеттің беттерінде бірнеше өлеңі ғана жарияланды. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Ол 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Абай Құнанбаев, қазақ әдебиетіне бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жолдар ашты.
1886 жылға дейін өз шығармаларын Көкбай Жанатайұлы деген атпен жазған. Бұл адам – Абайдың жақын досы, әрі шәкірті болған.
Ақынның ұлы Тұрағұл, Алаш партиясының мүшелері Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатовқа баспана бергені үшін сотталып, жер аударылған. Абайдың құрметіне аталған қалалар Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, Киевте, Ташкентте, Делиде, Каирде және тіпті Берлинде бар. Қазіргі уақытта, ұлы ойшылдың туындылары 60 тілге аударылған.

Тектілік негізбен туылған тұлға
Абайдың атасы Өскембай жайында көптеген мәліметтер айтылады. Ел билеу ісінде өзгелерге ұқсамайтын тәсілі ел ішінде кең тараған. Тіпті әрбір істің адалдығы хақында айтылар ой мен әрбір іс Өскембаймен байланысты болса керек. 10 тамыз – Абай күні қарсаңында тектілік негізбен туылған тұлғаның ата бойындағы тазалық пен туралық жайында оқырман білсін деген оймен беріп отырмыз.
Өскембай өзінің ел меңгеру әдісінде ең алдымен, Кеңгірбайдың көпті мезі қылған парақорлық мінезінен бойын алшақтау ұстауға тырысқан көрінеді. Ру басылар ортасында сақталып қалған сөздің бәрінде: «Ісің адал болса Өскембайға бар, арам болса Ералыға бар» деген сөз бар.
Бірақ осындай болумен қатар, Өскембай елді күшпен, зорлықпен ықтырып аламын деп, асқақ мінезді көп қолданған. Мысалы, бір уақыт ауылына жүгініске келіп отырған Мәмбетай деген кісіге ашуланып, мұрнын кесіп алғаны... сияқты ісі жаңағы айтқанға дәлел.
Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ержетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 жылы туған. Құнанбайдың шешесі Зере, кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі.
1850 жылы, 72 жасында Өскембай дүние салады. Зере күйеуінен кейін көп жасаған. Ол бертін келіп 90-ға жетіп өмірден өткен. Мұның ақын болатын немересі Абайдың бала, бозбала күнінде бәрі Зерені «кәрі әже» дейді екен. Кәріліктен құлағы есітпейтін болады. Балаларына дұға оқытып, үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әженің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.
10 тамыз 2021 ж. 1 103 0