Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Отбасылық жауапкершіліктің жүгі ауыр

Отбасылық жауапкершіліктің жүгі ауыр

Шаңырағы биік, босағасы берік қазақстандық отбасы-қоғамның тұрақты дамуының және мемлекеттің өсіп-өркендеуінің бұлжымас кепілі.Тек берік отбасылық дәстүрлі орныққан ел ғана мығым әрі мызғымас ел бола алады.
Қазақстанның Тұрғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақсан халқына <Қазақстан-2050> Стартегиясы:қалыптасқан мемлекттің жаңа саяси бағыты> Жолдауында да: <Балалар-қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби-қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуы тиіс. Мен ажырасуғак қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбилеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. <Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді. Бала тәрбиесі-тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті>, - деп жан-жақты айтқан еді.
Сондықтан да, отбасылардың орнықты дамуын жетілдіру, ата-ана жауапкершілігін арттыру, қазақы дәстүрге жат ажырасу мәселесіне, сондай-ақ, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды дәріптей отырып, бақытты отбасын құру-әрбір адамзаттың міндеті. Себебі, біздің қоғамымызда дәстүрді сақтаудың басты институты болып саналады. Қоғам мен мемлекеттің беріктігі оның тұтастығына тікелей байланысты.
Ұрпағыңның болашағы үшін өзара туыстық жаупкершілітің туын жоғары ұстап, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халқымыз қазірғі кезеңде <ажырасу> деп аталатын ақыреттен зардап шегуде. Шынында да, жарысып той жасап, несие алып, <қатардан қалмай> өз міндетін орындап болғаннан кейін, келген киітке көңілі толмай, құдалардың қоржынға салғаны қомақты болмаса, кей ата-ананың бергенін айтып, келінінің бетіне салық қылуы немесе еншісін алып кеткен қыздың өз әке-шешесінің отбасына араласуы, сондай-ақ, ата-ананың өз баласына тәрбие бере алмай, баласының мінін біле отыра келген келінге кінә тағып, жоқ жерден отбасында кикілжің шығаратыны тағы бар. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ бес саусақ бірдей емес. Ата-ененің жағдайын жасап, көңілін таба білетін келіндер қазірғі таңда аз. Қазірғі жас отау құрғандардың басым бөлігі тұрмыста кездескен отбасылық қиындықтарға төзе алмайды. Сол себепті, жастардың өкінбей ажырасуына себептер табылып жатыр. Өзіндік пікірі жоқ, өзгенің ықпалынан шыға алмайтын жанмен де өмір сүрудің  өзі қиынға соғады. Отау құрған соң, азаматтың нақты өзіндік ой-пікірі болу керек. Некенің бұзылуы-отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет.
Ажырасу- табиғи құбылыс. Оны түбегейлі жою да мүмкін емес. Дегенмен, болдырмаудың алдын алуды әркім өзінен бастауы қажет. Некенің қасиетін ұғыну, келешек ұрпақ қамы үшін отбасы құндылықтарын отбасында, ұжымда, кез келген ортада үздіксіз дәріптеп отыру қажет. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Адамдардың арасында бір-біріне деген құрмет, бауырмалдық пен сыйластық басым болған жағдайда ғана ер мен әйел өз міндеттерін жете түсініп, отбасында келісім салтанат құратыны анық.
Иә, қоғамдық құрылымдардың ұясы болып саналатын отбасының беріктігін сақтай отырып, мемлекетіміздің әлеуметтік дамуына үн қосу – әрбіріміздің міндетті борышымыз. "Ауруды жаратқан Алла, емін де жаратады" демекші, бұл мәселенің де бір шешімі болуы анық. Өйткені, біз-рухани байлығы жоғары, ар-ұят пен обал-сауапты бәрінен биік қоятын елдің ұрпағымыз.
М. ЖҰМАШЕВА,
Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы   
18 қыркүйек 2021 ж. 1 048 0