Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ы.Алтынсариннің шығармаларын жатқа айтқан ерекше жандар марапатталды

Ы.Алтынсариннің шығармаларын жатқа айтқан ерекше жандар марапатталды

Қызылордада «Тең қоғам» орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында көрнекті ағартушы, педагог, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы даланың – ұлы тұлғасы» атты ақын өлеңі мен әңгімелерін оқудан қалалық байқау өтті.

Байқауды ерекше жандардың шығармашылығын шыңдау, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Зағиптар қоғамы» клубы ұйымдастырды.
Мәдени шараға 18-60 жас аралығындағы қоғамда тіркеуде тұратын 16 ерекше жан қатысты.
Олар Ы.Алтынсариннің кез келген шығармасын жатқа айтып, «Тәуелсіздік тұғырым» атты кезеңінде тәуелсіздікке арналған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті.
Әділ-қазы алқасының шешіміне сәйкес бас жүлде Р.Ақатаевқа бұйырды. Ал І орынды А.Нұрлиева, ІІ орынды К.Дүзбай, Т.Есмағамбетовалар жеңіп алды. ІІІ орынды Д.Ешниязова, М.Қауынбай өзара бөлісті.
Барлық қатысушы талапкерлер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


kyzylorda-news.kz
14 желтоқсан 2021 ж. 1 060 0