Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 101 жас жасаған қарт ананың тілегі

101 жас жасаған қарт ананың тілегі

Күлмаш ЖҮРСІНБАЕВА, 101 жас жасаған қарт ана:

– Тәуелсіздік – елдің басындағы үлкен бақыт. Міне сол бақыттың басымызға қонғанына биыл 30 жыл толып отыр. Біз екі бірдей кезеңді көріп, қиындықты да, жоқтықты да бастан кешкенбіз. Екеуін салыстыру мүмкін емес. Қазіргі уақытта бодандықтың торын бұзып шығып, кең байтақ даланың көгінде еркін самғап жүргендейміз. Бүгінгі жас ұрпақ соны бағалай білу керек. Өйткені елдің ертеңгі тірегі де, жүрегі де солар. Білімді, Отансүйгіш жастары бар елдің байрағы биік, елдігі бекем, Тәуелсіздігі мәңгілік болады. Лайым солай болғай деп аналық батамды беремін!
16 желтоқсан 2021 ж. 1 159 0