Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нұрпейісов берген естелік

Нұрпейісов берген естелік

«Әбдіжәміл дүние салды» деген суыт хабар желіні шарлағалы аспан мен жер де күңіреніп қоя бергендей. Соңғы екі күн тау тұлғаның туған жері бір тынбады. Аспаннан жауып, жерден борап, қарт Арал кешегі перзентін іздегендей. Десе де біз білетін Әбдіжәміл Нұрпейісов өзінің шыншыл шығармаларына өмір шындығын қосып, әлем әдебиетінің алтын қорында сақталып қалды.Заманымыздың заңғар жазушысы жайында аудармашы, сыншы Герольд Бельгер: «Қазақ даласындағы бір аяулы есім – Әбдіжәміл Нұрпейісов. Франция, Германия, Бельгия, Испания, Болгария, Словакия, Қытай және Ресей жазушылары мен сыншыларының пікірі бір жерде тоғысады – «Қан мен тер» трилогиясы мен «Соңғы парыз» дилогиясының авторы ірі суреткер, мэтр, әлем әдебиетіндегі елеулі құбылыс дегенге саяды», – деген екен.
Сол әдебиет абызына 2000 жылдың 28 маусымы күні туған жері Аралға келген сапарында оған біздің «Толқындықтар» атынан қазақтың ханы Абылай хан бейнеленген осы бір сурет естелік сый ретінде беріліпті. Алайда ұлының ұлыға деген құрметі болса керек: «Ниеттеріңе рақмет, мұражайда болдым. Ұлы тұлғаға осында келген сайын басымды иіп тұратын боламын»,– депті Ә.Нұрпейісов. Қаламгердің сол сөзі жазылған сурет әлі күнге төрімізде ілулі тұр.

А. ҚАРАСАЙ
08 ақпан 2022 ж. 868 0