Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мектеп оқушылары Балықшылар мұражайындағы жәдігерлермен танысты

Мектеп оқушылары Балықшылар мұражайындағы жәдігерлермен танысты

Бүгін «Арал теңізі күніне» орай мектеп оқушылары аудан орталығындағы «Балықшылар мұражайын» аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Мұражайды аралау барысында оқушылар Арал теңізінің тарихы, теңізді зерттеушілер туралы мәліметтер мен тың деректерге қанық болды.

Мұнымен бірге балықшылар өмірінен сыр шертетін экспонаттар мен олардың пайдаланған заттарын, ау-құралдарын, тарихи фотосуреттерді көріп, танысып шықты.

Атап өтейік, 2000-нан аса жәдігерлер жинақталған балықшылар мұражайына өткен жылы реэкспозициялық жұмыстар жүргізіліп, қайта жаңғыртылды.

"Толқын" ақпарат
26 наурыз 2022 ж. 807 0