Адамның сыртқы емес, ішкі жан дүниесіне үңіле білейік

Ал бойжеткен емтиханды сенімді тапсырып шығып, бұл қызметте жұмыс істеуге лайық екенін дәлелдейді. Сөйтіп қуанышы қойнына сыймағай кеңседен шыққан Анджелина дәлізде отырған жаңағы сымбатты жігітке: «Мен не айтарымды да білмеймін, маған көмектескеніңіз үшін көп рақмет. Сіздің арқаңызда қазір осы компанияда жұмыс істейтін болдым» деп алғысын білдірді. Ал жас жігіт болса: "Сен тамаша жұмысшысың және біздің компанияға көп пайдаң тиетініне сенімдімін. Оған қоса сен өте әдемі қызсың, ішкі жан дүниеңді көбірек бағалау керек" деп жауап берді. Бұл сөздер бойжеткен көңіліне ерекше әсер етеді, мұндай жағымды мақтау сөздерді көптен бері естімеген еді. Осы сөздерден кейін Анджелинаның өзіне деген сенімі бұрынғыдан да арта түсті.
Сөйтіп Анджелина жаңа компанияда жұмыс істей бастады. Тез арада білікті қаржыгер екенін дәлелдей білді. Ол жұмысқа тұруға көмектескен жас жігіттің осы компанияның иесі екенін кейіннен біледі. Компанияның активтерін жақсы білетін Анджелина аз ғана уақыт ішінде мұндай мекеме орасан байлыққа қалай ие болғанына өзі таңғалады.
Уақыт өте оның өзіне деген сеніміне селкеу түсірген бір жайт орын алады. Кеңседегі кей әріптестері бойжеткеннің сыртынан күліп қарап, оны семіз деп келемеждей бастайды. Бір күні ол әріптес екі қыздың бір-біріне: «Бұл қыз бегемотқа ұқсайды екен», «Иә, ол шошқаның түкірген бейнесі ғой, оған ешкім үйленеді деп ойламаймын» деп мазақ етіп жатқанын естіп, көңілі құлазып қалады. Тағы бір жігіттің: «Ол арықтамаса, ешқашан балалы бола алмайды» дегені де қыз жүрегіне қатты тиеді. Бұл сөздерді көтере алмай, көзінен жас моншақтары еріксіз төгіліп,өз кабинетіне қарай жүгіреді. Бұл кезде дәлізде жүріп, Анджелинаның көзіне жас алып кеңсесіне қалай жүгіргенін көрген компания басшысы шыдай алмай: «Неге жылап тұрғаныңды білемін, басқалардың айтқанына мән берме. Сен өзіңе көңіл бөл, өзіңді жақсы көр. Ешкімді тыңдама. Бәрі жақсы болады» деп, қызды біраз жұбатады. Қыз өз-өзіне келіп, көңілі орнына түскен соң жігіт: «Жұмыстан кейін серуендесек бола ма?» деп ұсыныс жасады. Анджелина еш ойланбастан келісіп, олар кешті бірге тамаша өткізеді.
Серуен үстінде Томас қызға үлкен компанияға қалай ие болғанын және ата-анасының жол апатынан қайтыс болғанын айтып береді. Томас қызбен сөйлесіп, жанашырлық танытып, ол үшін адамдардың ішкі әлемі әрқашан маңызды екенін әңгіме арасында айтып қалады. Жастар бірге көбірек уақыт өткізе бастады және Томас бұл қызға ғашық болып қалғанын іштей сезгенімен, сыртқа білдіре бермеді. Бір күні қалай болса да қызға сүйіспеншілігін білдіру керектігін жөн көрді. Иә, біреуге сүйіспеншілігіңізді мойындау қиын, әсіресе ол адам артық салмақ салдарынан өзіне деген сенімін жоғалтқан болса...
Содан Томас тәуекелге бел байлап: «Анджелина, мен сені жақсы көріп қалғандаймын. Сенің қасыңда өзімді тамаша сезінемін. Маған сенбей тұрғаныңды түсінемін, бірақ бұл рас" дейді. Томас сезгеніндей, қыз да жігітке бірден сене қоймады. Бірақ бәрін ой елегінен өткізген Анджелина бұл шынымен де махаббат екенін түсіне бастады. Қыз ұялып: "маған ойлануға уақыт керек", –деді. Томас: "қанша уақыт қажет болса, сонша ойлан",– деп жауап береді. Бірнеше күн өтті. Қыз не істеу керектігін білмеді. Қыздың бойында бір күмән сейілмеді, бірақ басқалардан "бұл қызды тастап кетті" дегенді естігісі келмеді. Ал құрбысы оған: "Сен оған мүмкіндік бер, ол сені шынымен де жақсы көреді. Ал сенің салмағыңа келетін болсақ, саған диетаға отыру және өзіңмен айналысу керек. Мен саған көмектесемін" деді. Анджелина: "Мен тырысып-ақ жүрмін, бірақ қолымнан келер емес. Кеңседегі барлық әдемі қыздар сияқты болмасам да, ол мені неге жақсы көретінін түсінбеймін. Артық салмақтың кесірінен жүрген сайын тынысым тарылып, 50 метр де жүре алмаймын" деді. Құрбысы: "ол сенің сыртқы келбетіңді емес, сенің ішкі әлеміңді жақсы көреді" дейді.
Сөйтіп, қыз Томасқа өзінің сүйіспеншілігін дәлелдеуге мүмкіндік беруге келіседі. Осылайша жігіттің: "Мен саған үйленгім келеді", – деген күні де келді. Анджелина: "бұл өте маңызды қадам. Мен мұндай жауапкершілікті өз мойныма ала алмаймын" деді. Шын мәнінде, қыз өзінің толықтығына арланды әрі болашақ күйеуін басқалардың көзінше ұятқа қалдырғысы келмеді. Ал Томас болса: "мені адамдардың бізді бірге көргенде не айтатыны туралы мүлде ойламаймын. Бұл адамды сыртқы келбетіне қарап бағалайтын адамдардың мәселесі, бірақ біз бәрін бірге жеңеміз" дейді. Томас пен Анджелина араға уақыт салып шаңырақ құрады. Олар өздерінің үйлену тойын дүркіретіп өткізбеді. Тек тойға жақын туыстары мен достарын ғана шақырды. Олар өздерінің фотосуреттерін әлеуметтік желілерде жариялайды, ал достары болса оларға жақсы пікірлер қалдырып, бақыт тіледі.
Біраз уақыт өткен соң, бұл фотосуреттер туралы ұмытыла бастады. Бірақ мұның бәрі Анджелинаға қатты әсер етті және ол өзі үшін диета мен спортпен шұғылдануды шешеді. Өзінің салмағына қарамастан бойындағы ең жақсы қасиеттерді көре білген күйеуін қуантқысы келді. Иә, ол құрсақ көтергісі келді, ал артық салмақ балалы болуға гормоналдық тұрғыдан кері әсер ететіні белгілі. Бұл іс оңайға соқпады. Содан бір жарым жыл ішінде ол 70 келі салмағын жоғалтады. Қыз спортзалға барып, тек пайдалы тамақ жеп, күн сайын таңертең жаттығу жасап жүреді. Сонымен біршама уақыттан соң бұрындары өзі армандаған өте әдемі қыз болып шыға келді.
Көп ұзамай Анджелина жүкті болады. Қуанышты хабарды жолдасы Томасқа хабарлаған кезде, ол қуаныштан жүрегі жарылардай қуанды. Бұл бақытты жұп бүгінде шат-шадыман өмір сүруде.