«Толқыннан» түлеген бір дара
Туған жеріміздің бір дарабозы, белгілі сазгер Мұрат Сыдықұлының қалың елге танымал бір керемет әні бар. «Сыр гүлі» деп аталады.Білуімізше, бұл ән қазақтың бұл көмей әншісі, халқының ерке қызы Роза Бағлановаға арналып 1965 жылдары шықса керек-ті. Ұлы әнші осы өзіне арналған ғажайып сазды туындыны талай мәрте сахналардан тамылжыта орындады. Дүйім қазақ елі дуылдата қол соғып риза болған.
Көрдім сұлу Сыр қызын,
Гүлдей нәзік жаралған.
Көрдім Сырдың жұлдызын,
Бойында асқақ бар арман.
Сымбатты, сұлу Сыр гүлі,
Жанымның көктем жыр гүлі.
Сұлу Сыр бойында,
Ерке өскен сол бір қыз,
Елімнің әнші бұлбұлы.
Көңілге құйылып, ерекше қуаныш сыйлайтын осы әнге қатысы бар адамның бірі – Амангелді Смағұлов деген жерлесіміз. «Көзден кетсе, көңілден кетеді» дегендей, есімі ұмытылып бара жатқан жерлесіміз. Оған мүмкін кейінгі өмір жолының көрші аймақта – Ақтөбе өңірінде өрбуі де себеп болган шығар. Дегенмен де басқаны айтпағанда, біздің дара дарынымыз Мүкең туындатып, ел еркесі Роза апамыз орындап күллі елімізге таратқан әсем әннің әдепті де әрлі сөзін жазған ақынның туған жерінде аты ұмытылмаса екен дейміз. Сөйтіп ол туралы деректерге сұрау салып сұратқанбыз. Сөйтсек жерлесіміз Аманкелді Смағұлов Ақтөбе аймағына есімі танымал журналист болыпты және де ақындығын да шет қалдырмай, жүрегінен шыққан жақсы өлең- жырларын оқырмандарына тарту етіп отырыпты.
Біздің қолымызға тиген дүниелердің бірі – 2012 жылы баспадан шыққан «Өткен күндер» жаңғырығы атты кітабы. Жинаққа өлеңдерікөкейтесті мәселелерді көтерген үздік мақалалары еніп, ақынның 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрген екен. Осы кітапта автор туралы мынандай деректер берілген: «Амангелді Смағұлов 1942 жылы Қызылорда облысының Арал қаласында туған. 1971 жылы С.М. киров атындағы (қазіргі Әл –Фараби) қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетин бітірген. Ақтөбе облыстық телевизия және радио хабарларын тарту басқармасында редактор, аға редактор қызметтерін атқарды. 1976-1978 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қазақстанның Батыс облыстарындағы меншікті тілшісі болды.Кейін журналистік қызметін «Коммунизм жолы» (қазіргі «Ақтөбе») газезінде жалғастырыпкеледі. Осы газеттің тілшісі, бөлім меңгерушісі, бас редактортордың бірінші орынбасары лауазымдарында болды. Қазір облыстық газеттің аудандық қосымшаларының шеф – редакторы. 1996-2000 жылдарыҚаз ТАГ – тың Ақтөбе облысы бойынша меншікті қызметін қоса атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.Өлеңдер әр жылдары «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс», «Жалын» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» т.б. газеттерде жарияланып тұрған. Қазақстан Журналистер одағының, салалық министрліктің дипломдарымен,«Астана» және «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарымен маратталған.
Қарап отырсақ, Аралдың тумасы А.Смағұлов үлкен журналистік мектептен өткені, қолына қалам ұстаған адамның арманындай болатын шығармашылық белестерден өткен. Еліміздің белгілі басылымдарында төл туындылары жарияланған. Өкініштісі 2014 жылы ақындық, қаламгерлік еңбегі миуалы боп тұрған кезінде дүниеден өтіп кеткен.
Басында айтқанымыздай Амангелді СмағұловАрал қаласында дүниеге келген, мектеп қабырғасында жүріп-ақ туындылармен өңір оқырмандарына таныла бастаған. Балауса қаламынан ақ параққа түскен өлеңдерін алып «Социалистік Арал» газетінің табалдырығынан аттайтын. Және жазғандары ұзамай басылым бетіне шығып жататын.Өзімен қатар жас дарындар - Серік Сейітмағанбетов, Молдахмет Қаназов, Елеусіз Кенебаев, Әбдіғани Айтмағамбетов. Дәрібай Әлисұлтановтармен таныса-білісе жүріп, сол кездегі Аралдағы үлкен талант иесі Зейнолла Шүкіровтың тікелей де, жанамалай да мектебінен өткен. Зәкеңнің өлең туралы, поэзия туралы, көркем әдебиет туралы әрбір сөзі жастардың адуынды шабытына шабыт қосып қанаттандырып отыратын. Жазуға деген құлшыныстары үдей түскен. Кейін есімдері өңірімізден әрі асып, елімізге танылған ақын жазушы, журналисттер атанды.
Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан Амангелді әп дегеннен Астанаданшыққан жоқ, Әуелі туған жердің құрылыс мекемесінде қарапайым жұмысшы боп еңбек жолын бастады. Дегенмен жас ақынның өлеңдері республикалық газет-журналдарда басылып, қазақтың атақты ақындарынан жақсыпікір естіп, ақыры бірнеше жылдаң соң көкіректе әбден піскен арман-мақсат Алматыдағы ең іргелі оқу орны – Қазақ мемлекеттік университетіне әкелді. Мұнда да кейін қазақ прозасы мен поэзиясында өз даңғылдарын салған көрнекті ақын жазушылар Баққожа Мұқай, Смағұл Елубай, Дәулет Сейсенов, Сұлтанәлі Балғабаев, Шөмішбай Сариев, Жақау Дәуренбековтермен бірге оқып, шығармашылық белестерді бағындыра бастады. Әсіресе, журналист ретінде үздік мақалаларымен көптің назарын аударды. Студент, кезінде-ақ республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде өндірістік практикадан өтті. Бұл қара шаңыраққа ең мықты деген студенттерді жіберетін. Әрине кезінде туған жеріндегі «Толқын» газетінде Мәлік Сәрсенов,Шәкірат Дәрмағанбетұлы, Кеңес Өмірзақов секілді талантты журналистерден алған тағылымының маңызы зор болғаны сөзсіз. Содан да ол кейін бірнеше облыста қызмет етсе де, ең әуелі журналист ретінде тұсауын кескен сүйікті «Толқын» газетін ауыз толтыра айтып жүретін. Жаңағы «Сыр гүлі» әнінің мәтінін де осы басылымда жүргенде жазған.
Амангелді Смағұловтың ерекше болмыс-бітімі туралы ақтөбелік журнал Нұрмұханбет Дияровты: «Әбекеңнің адамгершілік, ар-иман, дін тазалығы тұрғысындағы татымды ойлары сонау 80-90 жылдардағы оқырмандардың жадында сақталған болар. Былай қарағанда мінезі бірқалыпты, ұстанымы тұрақты, анау- мынау алып –ұшпа нәрселерге мойын бұра қоймайтын бұл кісінің өмір жолдарында қалыпқа сыймайтын өзгерістер де орын алып тұрады. Мәселен, облысымызда Исатай ауданы ашылғанда ондағы жергілікті газет редакторының орынбасары қызметіне бап талғамастан, ана бір шарт қоймастан тартып кеткені бар...Амангелді Смағұлов қаламы қарымды журналист қана емес, ізгі ниетті жолдас, көпті көрген, көңіл төрі кең азамат. Журналистер бас қосуында ол ортаның сәні. Қолына қоңыр домбырасын алып,әуелетіп ән шырқағанда, тыңдарманының жүрегін еріксіз тебірентеді. Сондай нәзік көңілді жанның сонау көз ұшында қалған жастың шағында шаршы алаңда бокс қолғабын нық ұстап, талайды бұрыштарға қуып тыққанын елестетудің өзі бір түрлі көрінетіні бар...», - деп жазғаны бар. Әріптесінің осынау сөздері біраз жайдан хабар береді. Асыл азаматтың жан-жақты қырларын танытады. Аралөңірі жыраулық мектебінің жыр-толғауларын келістере айтатын өнерін көреміз. Бойында халық айтқандай жеті өнер тоғысқан Амангелді аға туған Аралын, тікелей теңізінешқашан ұмытпағанын өлең-жырларынан білеміз.
Қай- қай жерде жүрсе де ол өзі талай ақ толқынымен жарыса жүзген көк айдын теңізін естен шығармаған. Өйткені жағалауға жақын жерде балалық, жастық шағы өткен. Алғашқы бал сезімдеріне ақ құмды жиектер куә болған шығар. «Теңіз» деген өлеңінде:
Сағынып көптен оралып тұрмын қайтадан,
Қарсы алып мені туған жер бейне айтады ән.
Ұмтылып алға, соғатын жарға ар мінез,
Толқындар, міне, көтеріп мені шайқаған...
Көк теңіз шалқар, көгілдір, терең тұнғиық,
Жүректі тербеп, жаныма жатыр нұр құйып.
Құлашты суда сермеймінтынбай құмарта,
Көңілім көктешағала болып жүр биік, - дептебіренеді.Теңізіне оралып тағы бір келгеніндегі қуанышты сезімін риясыз ақтарады. Өлең кітабында ақын жанының иірімдерін танытатын дүниелер жетерлік.
Журналисттік өмірінің алғашқы қадамын «Толқын»газетінде бастап, шығармашылық үлкен жолдың бастау мектебінен өткен ақын Амангелді Смағұлов туралы бүгінгі әңгімеміз Аралдан шыққан, алашқа танылған бір перзентін жерлестерінің есіне түсіреді деп сенеміз.
Е. Зейнетұлы