Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Арал қаласының 95 жылдық мерейтойы аясында конференция өткізілді

Арал қаласының 95 жылдық мерейтойы аясында конференция өткізілді

Аудандық орталық кітапханада Арал қаласының 95 жылдық мерейтойы аясында "Тарихы терең, келбеті кенен Аралым" тақырыбында конференция өткізілді.
Тағылымды кешке Аралдың қасиетті топырағында дүниеге келген, туған жерде әр түрлі салаларда қызмет атқарып, елеулі еңбек етіп жүрген алдыңғы буын өкілдері , өлкетанушы, тарихшыларымыз қатысты.
Кеш қонақтары алдымен «Арал-ғасыр, Арал-тарих» тақырыбында ұйымдастырылған кең көлемді кітап көрмесімен танысты.
Алғашқы сөз кезегін алған Аудандық мұрағат қорының басшысы Б.Қуатов «Арал қаласының құрылуы мен зерттелу жұмыстарынан» толымды мәлімет беретін баяндама оқыса, тарихшы, өлкетанушы Қ.Абылаев «Арал өнеркәсібінің тарихынан» сыр шертті.
Мәдениет саласының ардагері, өлкетанушы Ж.Төребеков «Арал қаласының мәдениеті мен қала ішіндегі тарихи ескерткіштер» туралы ақпараттармен бөлісіп, өзінің зерттеулерін ортаға салды.
Келесі сөз кезегін алған " Арал әлемі" газетінің бас редакторы , журналист Ерғали Абдулла «Арал руханиятына» тоқталып , өткен кезеңдегі Арал ауданы бойынша шыққан басылымдар хроникасына ақпар берді.
95 жылдық тарихы бар шежірелі де киелі мекен Арал қаласының білімінің даму тарихы мен бүгінге дейінгі қызмет атқарған білім үздіктеріне тоқталып, жалпы білім саласындағы айтулы жетістіктерді аудандық білім бөлімінің әдіскері Молжігітова Назгүл баяндады.
Сонымен қатар Аудандық ОКЖ директоры Ж. Алишева «Кітапхана- рухани қазына ордасы» тақырыбындағы баяндамасында рухани орда кітапхананың өткен тарихы мен бүгінде жеткен жетістіктерімізге тоқталды.
Кітапхана ардагері Р. Сатаева апайымыз қысқаша кітапхана өткенінен сөз қозғап, өзі қызмет еткен жылдар кезеңіндегі ақпаратпен бөлісіп, кейінгі кітапханашыларға сәттілік тілеп, қаланың 95 жылдық мерекесімен құттықтады.
Шара барысында аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.

Арал аудандық Абай кітапханасы 
20 қазан 2022 ж. 1 497 0