Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Аудандық мәдениет үйінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті.Конференцияға Қызылорда және Ақтөбе облысы аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері, дін саласындағы теолог-мамандар қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мерей Мейірбеков жүргізді. Алдымен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының Камалов Бахытжан жастарға рухани білім берудің өзектілігі жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Алдашбаев Сәкен, Ақтөбе облысы, Алға аудандық дін мәселелері жөніндегі орталықтың басшысы Разақов Нұрмұхамед және Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық мешітінің найб имамы Мәди Орынбайұлы мағыналы баяндама жасап, құнды ой-пікірлері мен ұсынымдарын ортаға салды.
 Жиынға қатысушылар баяндамашыларға сауалдарын жолдап, пікірлерін жетікізді.
10 желтоқсан 2018 ж. 1 193 0