Тарихи жәдігерге тұнған ауыл



«Қыздар шыққан» төбе деп аталатын Арал өңірінде шапқыншылық жасап жергілікті халыққа зәбір жала шектірген Қоқан – Хиуа жаулаушыларына қарсы шайқастардың ескерткіші «Қос шоқы» құм ішінде мұңдалаған, адамға бас иеді сырын ұққан. Жау қарап биігіне қыздар шығып, сондықтан атанған еді «Қыздар шыққан» деген аңыз дастан қалған. Сонымен бірге Арғымақ төбе– Дала көгінде жарқырап шығып Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды ұйымдастырушысы болған Ғани Мұратбаевтың кіндік қаны тамған туған жері Ғани Тоқабайдың шығыс бетінде 8 шақырым жердегі ескі Қаракөз қыстауында өмірге келген. Әкесі Мұратбай осы өңірдегі Қалыңбас елінде болыс болған. Жары Бақытжанмен үйлену тойы Арғымақ жазығында өткен деген деректер бар. Мұратбаймен тұстас Қарасақал руының белгі тұлғасы Орысбай, Бектас, Құлыс, Қаратаз, Жандос т.б. жер атаулары сақталған. Көне Әли Мақсым мешіті– Өткен ғасырдың 20 жылдарында көне Тоқабай мекенінде атақты діни ғұлама Қожаназар ишанның ұйытқы болуымен салынған, әлі күнге құланды орны бар. Ишанның немересі Әли Мақсым молдалық құрып бала оқытып елді имандылыққа баулыған. 1930 жылдан кейін Қарақұм көтерілісі басылғасын мешіт жабылып бала оқытған. 2021 жылы ауыл халқының демеушілігімен жаңа мешіт үйі жаңғыртылып салынды. Жетімшағылдағы Қара молда зиярат орны бар. Ел аузында Қара молда атанған иісі қазаққа танымал діни ғұлама. Көріпкел әулие, аруақты емші Әлмұхамедтың (1892-1992 ж) тұрағы. Жанына шипа іздеген адамдар Қазақстанның түкпір – түкпірінен келіп әруақты атаның басына түнеп ем-дом алып үздіксіз тәу етіп жатады. Оның түс жору, болжағыштық, алдына келген адамның алдағы өміріне тұспалдап бағдар айту қасиеттері жайлы әңгімелер көп. Болгариядағы атақты Ванга әулиенің сілтеуімен Украинадан да адамдар келген деген дәйектер бар. ТОҚАБАЙ – Ел тарихындағы айтулы оқиғаларға кәу болып, Алаш ардақтыларының табандары тиген қасиетті мекен. Голощекин билігінің күштеп жүргізілген әділетсіз саясаттарына қарсы 1930 жылы 10 айға созылған «Қарақұм көтерілісі» болып, оған бүкіл қыр елі көтеріліп 7000 дай адам қатысқан, қарапайым қылыш, найза, балта сияқты құралдармен қаруланған шаруалар мұздай қаруланған қызыл әскерлерге бетпе бет шайқастарға шығып жергілікті жер жағдайларын ұтымды пайдаланып бет қаратпаған. Уақыт ұту мақсаттарын көздеген билік көтерілісшілерге келісімге келіп, кешірім береміз деп орталықтан үкімет комиссиясын шақыртады. 1930 жылы жазалаушы әскерлер штабы орналасқан Тоқабайға Алматыдан Ә. Жанкелдин бастаған құрамында С.Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов т.б елге танымал беделді адамдар келіп 4 күн көтерілісшілермен келісімдер жүргізеді. Осы күнгі көне мешіт жанындағы тігілген киіз үйлерде халық оларды меймандостықпен қарсы алып құрмет көрсетеді. Қаруларын тапсыра бастайды. Бірақ бұл алдау болып шығады, уақыт ұтқан жендеттер уәждерінде тұрмай комиссияның шешімін бұзып, олардың шын ниеттерімен халыққа қамқорлық жасамақ ниеттерін аяқ асты етеді. Жазалаушылар Қарақұмды сүзіп шығып ақ-қарасын айттырмай көтерілісшілерді аяусыз жазалайды. Үштік шешіммен 175 адам атуға, 173 адам 3-10 жыл мерзімдерге жер аударылады. Қарақұм көтерілісіне қатысқан 2000 дай адам опат болып құм арасында көмусіз қалған деген деректер бар. Өркениетті елдерде ұлы тұлғалардың бір қонып, түстеніп кеткен жерлерің өзің ұстаған дүниелерін қастерлеп рухани құндылық ретінде бағалап жатады. Тәуелсіздігіміз үшін кеуделерін оққа тосып шейіт болған, Қарақұм көтерілісінің құрбандарына арнап киелі Тоқабай ауылында ескерткіш белгі орнатылуы керек деп есептейміз. Өйткені «Өліні сыйламай, тірі байымайды» ұрпақтарының болашағы үшін күрескен есіл ерлердің ерліктері ұмытылмай ұрпақтар санасында мәңгілік таным болуға тиіс.
Теңізді өлке баурайындағы тарихы терең ауылдың өскелең ұрпақ бойына қандай тәрбие беретіне көзіміз жеткен болар. Ел болашағы жастар қолында деген қағиданы ұстанған еліміз оның әр өңірінің де тарихын бүгінгі жастарға үлгі еткен дұрыс-ақ.
Өз тілшімізден
Теңізді өлке баурайындағы тарихы терең ауылдың өскелең ұрпақ бойына қандай тәрбие беретіне көзіміз жеткен болар. Ел болашағы жастар қолында деген қағиданы ұстанған еліміз оның әр өңірінің де тарихын бүгінгі жастарға үлгі еткен дұрыс-ақ.
Өз тілшімізден