Бөрісырғақ пайымы қайдан шыққан?

Қазақ әр жыл мезгілінен бөлек олардың ішінде белгілі бір уақытта ерекшелеп отырған. Сондай болжамдардың бірі қазіргі қаңтар айына да айтылғанын білеміз. Мысалы қаңтардың соңғы 15-29-сы күндеріндегі аяз қыс «шілдесі» деп аталады. Бұл кезде қыс күшіне еніп, түкірік жерге түспейтін сақылдаған сары аяз болады. Соған байланысты қазақтар мұны «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Өйткені малды да, жанды да қыс аязы қаңтарып, әбігерге салады. Халық есепшілері болса, Үркер мен Ай арасындағы бұрыш тіктөртбұрыш жасап орналасса, қыс шілдесі уақыты басталады деп есептеген.
Ал біздің жоғарыда айтқан дерегімізге тұспа-тұс келетін болжам – Бөрі сырғақ. Бөрісырғақ уақытында қаңтар айындағы ат құлағы көрінбейтін борандар соғады. Қаңтардың қатты аязы 18-інен 19-ына қараған түні қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Міне, әлгі біз айтқан фильмдегі құбылысы осы түннің негізінде түсірілген делінеді.
Жалпы осы түн әлемдегі барлық заттың тазару түні, әсіресе судың ең тазаратын уақыты. Көпті көрген көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай қаңтардың осы түнін «Бөрі сырғақ» деп атайды. Сырғақ деудің себебі қатты соққан бораннан қар үстінде ештеңе тұра алмайды сырғанап ұшып кетеді. Ертеде бабаларымыз балалары қасқырдай батыр болады деп осы күнгі суменнәрестені қырқынан шығарып, көшпенді халық болған соң таңғы төрт-бестерде бұлақтың таза суын ішкен. Қашан да сенімге сай дәстүр қалыптастырған қазақтың, жалпы түркі халқының жүректілігі де осындай болар. Тіпті Көк түріктің дүниеге келген күнін де дәл осы күнмен байланыстырады.
О.ЖОЛДАСОВ