Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кәсіподақта шыңдалған қаламгер

Кәсіподақта шыңдалған қаламгер

Туған жердің өткен шежір¬елі тарихы мен тұлғалы қай-раткерлері, жайсаң жандары, абзал азаматтарының ғұмыр¬баян¬дары, игілікті істері - кей¬інгілер үшін аса қымбат қазы¬на, тәлім-тәрбиелік мектеп. Өткенсіз бүгін жоқ. Бұрын¬ғының қадірін білу арқылы, құрметтеу арқылы жарқын болашаққа қарай қадам баса¬мыз. Өткеннің тәжірибесі – жаңа қадамдарымыздың нық болу¬ы¬ның негізі. Осы орайда ай¬дын¬ды Арал туралы жарық көр¬ген кітаптардың маңызы өте зор. Солардың ішінде көптің қолынан түспей, әрбір үйдің кітап сөресінде құнды бір жәді¬гердей болып тұрған кітаптар¬дың бірігейі Кеулімжай Күмісовтің «Арал азаматта¬ры».350 беттен тұратын үлкен кітаптың әр бетінде туған жер¬дің тұлғалы қайраткерлерінің, білікті басшыларының, қарапай¬ым еңбек адамдарының өмір¬баян¬дары, ата шежірелік тари¬хы, ел үшін атқарған қызметтері жинақтап берілген. Осынау кіт¬ап¬тың жазылу барысын кезінде сырттай бақылап көргеніміз де бар. Еңбекқор Кеулімжай ағамыз қаладағы әрбір әулетпен хабар¬ла¬сып, шаңырақтарына барып, өз қолымен әрбір деректі мұқият жазып алатын. Жанұяның альбом¬дарынан керекті суреттерін таң-дап алып жататын. Осы кітапта Арал қаласы мен өңіріміздің ау-ылдарының мыңдаған адам¬дары қамтылған. Және де «Кім¬нің кім екендігі» жанрында біз¬дің туған жерімізде мұндай кіт¬ап шықпа¬ған. Алғашқы тәжірибе болса да, Кеулімжай Күмісовтің білімді¬лігі¬нің, жазу сауатының мықты¬лы¬ғының арқасында бүгінде өт¬кен тарихтың хатталған парақ¬тары болып қалып отыр. Бүгінде Арал тарихын білгісі келген әр¬бір талапкер, аға ұрпақтың ізба¬сарлары әр саланың белгілі майталмандарын, сара саңлақтары¬ның өмір тарихын білу үшін осы кітапты қайдан болса да іздеп тауып алып, ақиқаттың анықты¬ғы¬на жету үшін жүгінері анық.
Жергілікті өлкетанушылар немесе туған жер тақырыбына қалам тербегісі келген журна¬лис¬тер, аралдық азаматтар тура¬лы ғылыми жобалар жазуға ниеттенген студенттер мен мектеп оқушылары осы «Арал азамат¬тары» кітабын зерделеу арқылы өздеріне керекті мағлұматтарды молынан алады. Әр уақытта ма¬қалалар жазуға кіріскенде біз де сөремізде тұрған осы кітапты алып, қажетімізді тауып алып жатамыз. Кітаптың тарихи құн¬ды¬лығының өзі осында емес пе? Ал уақыт өткен сайын құндылығы арта түспесе, еш кемімейтіндігі айдан анық.
«Арал азаматтары» кітабының авторы Кеулімжай аға Күмісовті біраз жылдан бері білетінбіз. Әр кездескен сәтте оның өмірлік тәжірибесінен туындаған әңгіме¬леріне құлақ түріп, оның жігерлі¬лігіне, алға қойған мақсатына жету жолындағы қиындықтарды еңсере білетін тәжірибелілігіне көз жеткізіп отыратынбыз. Баспа¬дан біздің кітаптарымыз шыға қалса әдейі атбасын бұрып келіп, кәдімгідей қалап алатын. Және де ол кітапты оқып шыққан соң, зия¬лы адамдарға тән парасаттылық¬пен, білімділікпен өз пікірін жай¬ып салатын. Иә, қай ортада жүрсе де өзінің қызметінің мінсіздігі¬мен ерекшеленген ағаны аудан халқы жақсы білетін.
Кеулімжай Қатиұлы 1940 жылы 13 мамырда Арал қаласын¬да дүниеге келген. Қаламыздағы белгілі білім ұясы №15 орта мек¬тепті оқып бітірген. Азаматтық борышын өтеген соң, Красногор ауыл және орман шаруашылығы механикаландырылған техникум¬ын тәмамдаған. Еңбек жолын 1961 жылы Арал мемлекеттік балық тресінде тракторшылық¬тан бастап, балық комбинатының эксперемент тобының бастығы қызметіне дейін көтерілген. Кейін бірнеше жылдар жұмысшы жас¬тарды түлететін №68 қалалық техникалық училищесінде мұға¬лім, директордың орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Осынау оқу орнының дамуына өзінің үлесін қосты. Кейін балық шаруашылығына қайта оралып, «Аралрыбпром» өндірістік бірлес¬тігінде аға инженер, өндірістік техникалық бөлімнің бастығы қызметін абыроймен атқарды. Өңіріміздегі үлкен өндіріс орны¬ның жаңа заман талаптарына сәйкес техникалық жаңаруына бастамашы бола білді.
Қай жерде қызмет істесе де, Кеулімжайдың білімге деген, жаңашылдыққа деген құштарлы¬ғы оны өзгелерден ерекшеленді¬ретін. Және де өз жұмысына деген берілгендігі, адалдығы әріптесте¬рі арасында беделін өсіріп отыр¬ды.
Ол 1977 жылы Дүниежүзілік кәсіподақ қозғалысының Мәскеу жоғарғы мектебін бітірген. Өмір арнасы оны енді жаңа салаға қар¬ай бет бұрғызды. 1979 жылы мем¬лекеттік сауда және тұтынушы¬лар кооперациясы қызметкерлері кәсіподағының Арал аудандық комитетінің төрағасы болып сай¬ланды. Жұмысшылар мен қызмет¬кер¬лердің құқығын қорғауда, олар¬дың еңбек жағдайларының түзелуіне, мамандардың білім көтеруіне және еңбек демалыстар¬ын дұрыс ұйымдастыруға бар күш-жігерін сала білді.
Сол кездер туралы өң¬ір¬іміздің ардақты ақса¬қал¬дарының бірі, сауда саласының ардагері Әбілбай Садықбайұлы былай деп өткен күндер¬ді, дара азаматты сағына еске алады.
«Маған бейтаныс Кеулімжай 40 мыңдай халқы бар Арал қаласының ең ірі өндіріс орнының білдей бір бөлім¬інің бас¬тығы екен. Ал кәсіп¬одақ са-ласына ауысуына себеп: ол қарт анасы, әйел, бала-шаға¬сы бола тұрып, қан¬шама қиындықтарға қа¬рамастан Мәскеудің жо¬ғар¬ғы кәсіп¬одақ мектеб-інде 5 жыл оқып, кәсіп¬одақ жұмысы¬ның қыр-сырына әбден қанық¬қан екен. Қырыққа келе қоймаған жігітке жанұясынан жырақта, туған жерден алыста, жат жерден алған білімінің жемі¬сін көру кер¬ек емес пе енді?! Кеулімжай¬дың кәсіподақ жұмы¬сына ауысу¬ы¬ның басты себебі сол екен. Аудандық балықшылар тұты¬ну одағы кәсіподақ ұйымының төрағасы болған уақытта Кеулім¬жай өзін адалдықты, әділдікті жаны сүйетін, қатардағы қарапайым жұмысшы-қызметкер¬лерді қолдауға келгенде заңы мен жанын аямайтын нағыз ер екен¬ді¬гін көрсетті.Шынында да Кеулекеңнің талап қойғыштығы әрбір жұмыс¬шы-қызметкерлердің жемісті ең¬бек етуіне, жақсы табыс тауып, жанұясының материалдық жағ¬да鬬ын түзейтініне, олардың ор¬ынсыз жұмыстан босатылмауы¬на, халыққа қызмет көрсетуде сау¬да саласының ілгерлеуіне көп ықпал етіп, ол бірінші басшының сенімді серігі бола білді».
Ардақты ағаның осынау пікірі қайраткер азаматқа берілген шы¬найы баға емес пе?!
Осы кәсіп¬одақ саласының аймағымызда дамуы¬на барынша атсалысып отырған Кеулімжай Қатиұлы Кеңес одағы құлап, мемлекеттік сауда және тұтынушылар кооп¬ерациясы та¬рап, нарық заманы басталған кезде де қарап қалмай кәсіподақ бағыт¬ындағы жұмы¬сын жалғастырды. 1993 жылы тәуелсіз еліміздің экономикасын дамытуға бел шеше кірісе бас-таған алғашқы кәсіпкерлердің құқын қорғау бағытында құр¬ыл¬ған «Бірлік» кәсіподағы¬ның төрағасы болып сайланды.
Қолына қалам алып жазуға машықтанған Кеулімжай аға сонымен бірге облыстық «Прес¬са» қоғамдық бірлестігінің мүш¬е¬сі болды. 2003 жылы «Төртқаралар» атты кітапты баспадан шығар¬ды. Осы арқылы өзінің өт¬кен тарихқа деген ізденімпаз¬дығын көрсете білді. Ал 2006 жылы сөзіміздің басында айтқан «Арал азаматтары» атты кітабын шығарды. Бүгінде бұл аталмыш кітап аудандық тарихи өлкетану мұражайында, сондай-ақ облыс¬тық Төтенше жағдайлар депар¬та¬мен¬тінің мұражайының көр¬ме¬лерінде тұр.
Кәсіподақ пен өндірісте шың¬¬далған, мол тәжірибелі аза¬мат Кеулімжай Күмісовтің қа¬лам¬герлік бағытта алған қойған, жос¬парлаған мақсаттары үлкен бола¬тын. Алайда 70 жасында дүн¬ие¬ден өткен ол көп ой-мақ¬саттар¬ын орындап үлгере алма¬ды. Де¬генмен ел алдында еткен еңбегін ешкім де аз деп айта ал¬мас. Есімі әрқашан қай-қай орта¬да да құр¬метпен аталады.
Кейінгі талап¬кер жастардың Кеулімжай аға салған соқпақпен жаңа биіктерге көтеріліп, жаңа жетістік¬терге жете беретіні сөз¬сіз деп ойлай-мыз.Өйткені оның өмірі елге қызмет етудің бір жарқын үлгісі.
Е. ЗЕЙНЕТҰЛЫ
24 қазан 2023 ж. 1 013 0