«СУРЕТТЕР СЫР ШЕРТЕДІ» МҰРАЖАЙЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

Игілікті шараға аудан әкімі М.Оразбаев арнайы қатысып, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бағытында ашылған мұражайдың маңыздылығына тоқтала отырып, келешек ұрпаққа өз өлкесін таныту жолында бұл ғимараттың орны ерек, аса құнды дүние екендігін тілге тиек етті.
Одан әрі мұражайды тамашалауға келген аудан қонақтары туған жеріміздің, еліміздің тарихынан сыр шертетін кітаптар мен жазбаларды көріп, ризашылық пікірлерін білдіріп өтті.
Шара барысында Арал аудандық атқару комитетінің төрағасы, Партия комитетінің бірінші хатшысы болған Б.Ақпанбетов пен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Ш.Дәрмағамбетов сөз алып, осындай құнды, тарихи мұражайдың кеңейтіліп, жасақталып жатқаны құптарлық іс екенін атап, ізгі лебіздерін жеткізді.
Өз кезегінде Қ.Саржанов та сөз тізгінін алып, Рухани мұралардан сыр шерткен шара қонақтарын мұражаймен таныстырып, біршама құнды материалдармен толықтырылған мұражай төрт бөлімнен тұратынына тоқталып өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі