САЛА МАЙТАЛМАНЫМЕН КЕЗДЕСУ

Іс-шара бастауыш сынып оқушыларының мерекелік бағдарламасымен ашылды. Ал, жоғары сынып оқушылары үшін Әділбек Әйімбетовтің өмір жолы, қызықты естеліктерінен слайдтар мен бейнероликтер дайындалып, таныстырылды. «Сыр- сұхбат» бөлімінде оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай өмір тәжірибесімен бөліскен кейіпкеріміз, жет- кен жетістіктердің артында еселі еңбек жат- қандығын баян етті. Оқушылар әңгімелесу, ой бөлісу барысында Әділбек ағаның жеткен жетіс- тіктері, өзі жеткен табысты баянды етіп ұстап тұра алуының сыры–оның еңбекқорлығының, білімге деген құштарлығының, туған жерге деген сүйіс- пеншілігінің арқасында екендігіне көз жеткізді.
Кездесуді Мергенсай ауылдық округінің әкімі Марат Құтмамбетов және мектеп директоры Әбдіхамит Имағамбетов қорытындылап, алғыстарын білдірді. Әділбек Ізбасарұлы оқушыларға еліміздің тәрбиелі, білімді, нағыз патриот азаматтары болу- ларын, ал мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілеп, ризашылықтарын білдірді.
Р. ҚҰРМАНБАЕВА,
№58 орта мектеп директорының орынбасары.