Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен тұратын қала

Мен тұратын қала

Биыл Арал қаласының қала болып құрылғанына 95 жыл толды. Қаламыздың 95 жылдық мерейтойы мектеп қабырғасында да  аталып өтілуде.
Жақында қаладағы №14 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Б.Мұратбаева мен А.Қ.Сынаеваның ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында «Мен тұратын қала» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Оқушыларды Арал қаласының тарихымен таныстырып, отаншылдыққа тәрбиелеу, қаланың гүлдеуіне үлес қосуға ұмтылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткен мұндай шараның өскелең ұрпақ үшін орны бөлек. Себебі, өзіміз тұратын қаланы қадірлеп, дамуына атсалысу әрбір перзенттің борышы деуге болады.
Сайыс «Бұл қалада тұрамын», «Арал туралы толғаныс», «Біздің қала несімен және кіммен танымал?» деген кезеңдерден тұрды. Оқушылар Арал қаласы туралы бейнефильм көріп, «Plickers», «Quizizz», «Wordwall» бағдарламалары арқылы әзірленген тапсырмаларды орындау барысында тарихы тереңде жатқан теңізді аймақ туралы тың ақпараттармен танысты.
Ата-бабаларымыздың қасық қанымен жасалған тарихты таразылап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру, зердесіне құю, санасына сіңіру, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту – ұстаз алдында тұрған үлкен міндет. Айдынды өлкенің 95 жылдық мерейтойы құтты болсын.

"Толқын" ақпарат
23 қазан 2022 ж. 448 0