Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасай бер, арайлы Аралым!

Жасай бер, арайлы Аралым!

Тарихы тереңде жатқан айдынды өлкеге биыл 95 жыл толып отыр. Мерейлі мереке қарсаңында  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көптеген нысандар пайдалануға берілмек. Иә, бір сөзбен айтқанда қаламыздың 95 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Құшағы кең өлкенің тарихына зер салсақ, қала іргесінің қалануы 1901-1905 жылдары бастау алып, құрылысы салынған Орынбор – Ташкент темір жолынан басталды. Алғашқы атауы Алтықұдық деп аталған болатын. Ал шамамен 18 ғасырлардан бастап теңізіміз Арал деген атауға иелік еткен. Бүгінгі күні Арал қаласы күн сайын өркендеп даму үстінде. Сондай-ақ қала тазалығы да назардан тыс қалмай, жіті бақылауға алынған. Күн сайын таңмен таласа басталған тазалық жұмыстары кешкі уақытқа дейін жалғасын табуда. Міне, қала бейнесінің ажарлануы мен дамуының негізі осы тазалығы десек қателеспейміз. Мәдениет пен ауызбіршілікті берік ұстанатын қала тұрғындары барша қазақ елін таңқалдыруда. Алдағы уақытта да қаламыз одан әрі көркейіп, дүйім дүниеге таныларына сенімім мол. Ендігі кезекте қалың көпшілік сағынышына айналған теңізіміз қайта оралса, нұр үстіне нұр болар еді деп тілейміз.
Ербол БАТИМОВ,
№ 14 мектеп-лицей мұғалімі
12 қазан 2022 ж. 572 0