10 мыңның азық-түлігі

– Балам, мен базарға барып, азық-түлік ала келейін, – деп кеткен болатын. Одан бері де 2 сағатқа жуық уақыт кетті. Анасына алаңдаған Асан телефон шалып:
– Анашым, қайдасыз? – деді.
– Үйге қайтып келемін, балам. Не болды, аманшылық па?
– Ұзақ айналғасын сұрағаным ғой. Бұрындары мұндай көп кешікпейтінсіз.
– Әй, балам-ай. Ертеде "адам қартайған сайын қуаты қайтады" дейтін еді. Менікі керісінше артып бара жатыр-ау. Ол кезде 10 мың теңгеге азық-түлік алсам, таксимен қайтушы едім. Ал қазір 10 мыңның азық-түлігін қиналмай көтеріп, жаяу жүре беретін болдым, – деген екен
О. ЖОЛДАСОВ
Фото: naryntany.kz